KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884812
2019 жылы:  18527
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2018

   2018 жылғы 16 сәуірде Алматы қ. Достық үйінде «Герольд Бельгер: притяжение души» тақырыбында өткізілген республикалық ғылыми конференция аясында «Земля моей чести» атты көшпелі кітап көрмесі өтті.

   Герольд Бельгер неміс, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген ерекше жазушы. Аудармашы, прозашы, публицист және  әдебиеттанушы. Көптеген романдардың, повестердің әдеби сын жұмыстарының авторы.                 
   Г.Бельгердің шығармалары адамзат қарым-қатынастарының терең мағынасына, туған елге деген махаббатқа, жоғары азаматтық мүдде мен отаншылдық сезімге толы. Қазақ, неміс және орыс мәдениеттерінің дәстүрлерін ұстанған оның шығармашылық мұрасы болашақ ұрпақ үшін мәдениетаралық диалог қалыптастыруда адамгершілік, рухани бағдар, игі құндылықтарды жинақтаушы болды.
   Іс-шараны ұйымдастырушы «Совет немцев Wiedergeburt» республикалық қоғамдық бірлестігі, ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қ. ҚХА-ның ғылыми сараптама тобы және Достық үйі.                              
   Конференцияға қатысқандар: жазушының жұбайы Раиса Хисматуллина, белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков, жазушы, кинодраматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, жазушы, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, Қазақстанның киноөнері Одағы басқармасының төрағасы Ермек Тұрсынов, «Совет немцев Wiedergeburt» РОО төрағасы Александр Дедерер және т.б.
   Іс-шараға Алматы қ. этномәдени бірлестігінің, шығармашылық одақтардың, азаматтық қоғамның, Германия, Ресей және Австрия Бас консулдықтарының өкілдері қатысты.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Земля моей чести» атты кітап көрмесіне жазушының шығармашылық өмірі мен қызметі, шығармалары және жазушы туралы мақалалар қазақ, орыс, неміс тілдерінде 100-ден астам әдебиет қойылды.  Іс-шараға келген қонақтарды кітап көрмесімен «Қазақстан кітаптары» қызметінің бас маманы Г.М.Бахтыгереева таныстырды.

     

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование