KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884808
2019 жылы:  18523
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.04.2018

   2018 жылғы 25 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда ақын, әнші-композитор Сегіз сері Мұхамедқанапия Бахрамұлының туғанына 200 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.

   XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында сал-серілердің атасы ақын, әнші-композитор Сегіз сері (шын аты – Шақшақов Мұхамедқанапия Бахрамұлы) 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Он жасынан бастап әншілік, ақындығымен аты шыққан. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Нұржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар.
   Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада", "Ақбүлақ" атты жыр-толғаулары, дастандары ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сұлу", "Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нұсқаларын Жүсіпбек Шайхысламұлы Арқа өңірін аралап жүріп хатқа түсіріп, Қазан қаласында өз атынан жариялаған.
   Қазақ даласының ұлы ұлдарының шығармашылығына құрметпен қарау, олардың еңбектерін және уағыздарын еске түсіру - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақсаттарының бірі. Іс-шара аясында Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кештің модераторы белгілі жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеев болды.
   Іс-шараның қатысушылары: дәстүрлі әншілер, ҚР белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, Алматы қ. жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері.     

        

                                         

 


       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование