KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885041
2019 жылы:  18756
бүгiн:  1
қазiр:  65
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі жазушы, Қазақстанның Халық батыры Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Халық қаһарманы, партизан  - Қасым Қайсенов» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.                
   Қасым  Қайсенов  1918 жылы 23 сәуірде Шығыс  Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1934 жылдың Толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Өскемен қ. саяси-ағарту техникумына оқуға түседі.                           
1939-1940 жж. Мәскеудегі әскери  диверсиялық- барлау мектебінде оқыған. Ұлы Отан соғысы кезінде, 1941 жылдың қарашасында оны Солтүстік-Батыс майданының штабына жібереді. Ол партизандар отрядын басқарып, арнайы тапсырмамен  дұшпандардың қоршауында қалған Украина жеріне жіберілді. Украина, Беларусия, Молдавия, Чехославакия және т.б. жерлерді азат етуге қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Қасым Қайсенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының аппаратында қызмет істейді, кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары. 1953-1970 жж. Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істейді.               
  Аты аңызға айналған партизан,  жазушы Қ. Қайсенов Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңестер Одағының түкпір түкпіріне кеңінен танылған. Әскери тақырыпқа арналған кітаптарға деген қызығушылығы айрықша болды. Оның шығармашылығы түрлі жанрлар: мемуарлар, деректі және көркем проза мен публицистиканы ұштастырады.
   Осылайша жазушының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын қыстау кезеңдегі қатардағы жауынгерлердің шексіз ерлігі сипатталатын батырлық – отансүйгіштік тақырыбына арналған әдеби шығармашылығы осылай басталды. Шығармаларындағы кейіпкерлері – партизан отрядындағы жауынгер мен замандастары − шынайы адамдар.
   Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын 1954 жылы басып шығарады. Оның «Илько Витряк» (1955), «Переяслав партизандары» (1956), «Ажал аузынан (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973), «Партизан жорықтары» (1978) және т.б. кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Жазушының шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
   Қасым Қайсенов ІІ-дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Чехословакия партизаны», екі І-ші дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа медальдарымен, Грамоталарымен ІІ-ші және ІІІ-ші дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған.
   ҚР Президентінің 1995 ж. 24 сәуірдегі Жарлығымен жазушы Қ.Қайсеновке «Халық каһарманы» ерекше белгісі тағайындалып, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені берілді. 
    Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда қайтыс болды.
  Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қасым Қайсеновтің ерлігі туралы материалдар, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктері және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған.
     Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование