KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885024
2019 жылы:  18739
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.04.2018

   2018 жылғы 28 сәуірде «Қазақстан кітаптары» оқу залында «Бір ел – бір кітап 2018» республикалық акциясы аясындағы кітап көрмесінің материалдары бойынша әдеби шолу өткізілді.

   ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, ана тілінің мәртебесін өсіру, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, сауаттылық бағдарламасын арттыру, рухани мұраны сақтау.
   2018 жылы Қазақстанда бүкілхалықтық оқуға үш белгілі авторлардың шығармалары таңдап алынды: Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повесть-монологы.
   Тақырыптық шолудың мақсаты − Қазақстандық шығармаларды танымал ету, жастардың  классикалық және заманауи әдебиеттерді оқуға қызығушылығын арттыру.
   Іс-шара шеңберінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан үш автордың өмірі мен шығармашылығына арналған безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне толығымен шолу жүргізілді: бірінші бөлім 2007-2017 жж. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының тарихына, екінші – Ш.Құдайбердіұлының, үшінші – Б.Момышұлының және төртінші – Н.Келімбетовтің шығармашылығына арналды.  «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова, топ жетекшілері Қ.Н.Қасымбекова, М.М.Утебаева және кітапханашы С.Т.Жақсылықова шолу жасады. Әдеби шолуға қатысқандар ризашылықтарын білдіріп, өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

    

     

                                     

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование