KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909114
2019 жылы:  42829
бүгiн:  3
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.04.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Какен Ахановтың  туғанына 90 жыл толуына арналған «Шынайы зерттеуші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.   

   Кәкен Аханов 1928 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының  Бозанбай ауылында  дүниеге келді. 1950 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті).                             
   Кәкен Аханов еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған. 1950-1976 жж. оқытушы, аға оқытушы, жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы. 1956 жылы «Қазақ тіліндегі омонимдер»  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, ал 1966 жылы «Тіл біліміне негіздері»  тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1977-1978 жылдары Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ректоры қызметін атқарды.
   Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен жалпы тіл білімі және қазақ тілінің лексикологиясы мен грамматикасы мәселелеріне арналды, қазақ тіліндегі омонимдер мәселесін дамытты. «Тіл білімінің негіздері» (1973) атты монографиялық еңбегі Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып келеді. К.Аханов «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1956), «Қазақ тіліндегі омонимдер» (1958), «Қазақ тілі грамматикасы» (1969), «Грамматика теориясының негіздері» (1972)  және т.б. орта мектепке арналған оннан астам оқулықтардың авторы. К.Аханов жас ғалымдарды даярлауға үлкен назар аударған. Оның жетекшілігімен 1 ғылым докторы және 10 ғылым кандидаты дайындалды.
Ғылым саласына сіңірген қызметі үшін ол медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1975).
Алматыда ғалымның жұмыс істеген және тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылған.  Алматы қаласындағы көшелердің біріне, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аудиторияға, Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектепке К.Ахановтың есімі берілген.
   Кәкен Аханов 1978 жылы 14 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ғалым К. Ахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның ғылыми еңбектері мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование