KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884964
2019 жылы:  18679
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.04.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан 1 мамыр – Қазақстан халқының  бірлігі күні мерекесіне арналған «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1 мамыр  ̶  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі еліміздегі халықтардың достығы мен бірлігінің бейнесі болып табылады.
   Қазақстан Республикасы түрлі ұлттардың 130-дан астам өкілі бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет.Олар мемлекеттік қызметте, бизнесте, ғылымда жұмыс істейді, спорт пен өнер саласындағы өздерінің таланттарын ашып, Қазақстанды бүкіл әлемге дәріптейді.
   Бүгінде Қазақстан әлемдегі көптеген елдер үшін этносаралық және конфессияаралық келісімге қол жеткізудің үлгісі болып табылады. Қазақстанның этникалық әралуан түрлілігі - біздің бүкіл қоғамымыздың ортақ игілігі, зор байлығы,  сондай-ақ қазақстандықтарға өзге халықтардың құнды мәдени жетістіктермен алмасу мүмкіндігін береді. 
   Мерекеге әртүрлі мәдени орталықтар қатысып, Қазақстандағы өзге  халықтардың дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырады. Этномәдени орталықтардың, театрлық қойылымдары, спорттық жарыстар, көркем және кітап көрмелері, жәрмеңкелер маңызды концерттер - бұл шаралардың барлығы  Қазақстанның ең жарқын да сүйікті мерекесін одан әрі жандандыра түседі. Мерекенің басты идеясы халықтың бірлігі, тұрақтылық пен келісім болып табылады.
   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстандағы барлық этникалық топтардың тарихы мен қазіргі өмірін, рухани мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін бейнелейтін материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование