KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057340
2019 жылы:  122875
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.04.2018

   2018 жылғы 26 сәуірде ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері,   экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Алдабергенұлы Нұрмановтың шығармашылық кеші және «ҒИБРАТ» атты 100 томдығының  таныстырылымы өтті.

   Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында Қазақ елін бүкіл әлемге жақсы жақтарымен  таныстырып, халық ынтымағының нығаюына, рухани байлығының дамуына үлес қосу – жазушылар қауымының басты міндеті.                      
   Әбен Алдабергенұлы Нұрманов - «Бейбітшілік әлемі» президенті, Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің Қазақстандағы өкілдігінің президенті, генерал-майор, Қазақстан Жазушылары Одағының және Евразия Жазушылары Одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері,   экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик.
   Ә. А. Нұрманов оқырман қауымға танымал жазушы, ғалым, 50-ден астам кітаптың авторы: «Шоқан сагасы» атты 10 томдық роман (2014), «Түс кітаптары» (2004-2006, 2015), «Жырла жүрек» (2007), «Охо, дүние-ай!» (2011), «Сен бақытыңды таптама» (2004-2006), «Өрік ағаш пен әйел» (2007), «Сен ақылыңды қулыққа айналдырма» (2013),                        «Ода обманчивой жизни» (2009), «Нафиса ханның кереметтері» (2002), «Ақындығым, азабым да аяулым» (2013), «Возрождение» (2016), және т.б. кітаптары жарық көрген.
   Кештің модераторы Халықаралық ғылымдар және ойшылар одағының мүшесі, “Таланттар академиясы” оқу-кеңес орталығының президенті Мылтықбаев Аят Мәдібекұлы болды.

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование