KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885049
2019 жылы:  18764
бүгiн:  1
қазiр:  73
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.05.2018
   2018 жылғы 3 мамырда Н.Дәулетова атындағы көрме залында «Юлиан Семенов шығармаларындағы соғыс сәттері» атты  фотокөрмесінің ашылуы, сондай-ақ Ю.Семеновтың «Дипломатический агент» атты кітабының тұсаукесері Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы және  «Евразия»  Орынбор қайырымдылық  қорымен бірлесіп өткізілді.
 
   ҚР Ұлттық кітапханасының орынбасары Б.Қ. Оспанова құттықтау  сөзбен ашты.        
   Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілі, Алматы қаласы Ресей  Федерациясының Бас консулдығының консулы  И.В.Переверзева іс-шараның модераторы болды. Шарада «Евразия» Орынбор қайырымдылық қорының Президенті И.В Храмов, Ю.Семеновтың «Дипломатический агент» жаңа кітабын көпшілік назарына ұсынып, «Юлиан Семеновтың шығармаларындағы соғыс сәттері» атты фотокөрмесі туралы  сөз қозғады. Жаңа кітап бойынша түсірілген деректі фильмнен үзінділер көрсетіліп, кітапханаға Ю.Семеновтың«Дипломатический агент» кітабын сыйға тартты.
   Шарада жазушының шығармашылығы туралы «Ю.Семеновтың әдеби мұрасы» атты слайд көрсетіліп, «Көктемнің он жеті сәті» атты кинофильмнің музыкасымен сүйемелденді.
   Іс-шара аясында  ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан автордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Юлиан Семеновтың әдеби мұрасы» атты  иллюстративті-безендірілген кітап көрмесі ұсынылды. Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері «Юлиан Семенов шығармаларындағы соғыс сәттері» көрмесіне шолу өткізді.
   Көрмеде романның құрылу тарихына негіз болған шынайы оқиғалар, сондай-ақ басты кейіпкерлердің прототивтеріне қатысты, оларды бейімдеу туралы туындылар кітаптар, қолжазбалар,  фото-мұрағаттар мен құжаттар қойылды.
   Іс-шараға  Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп  оқушылары, БАҚ өкілдері: «Деловой Казахстан» газетінің, «Информ Бюро KZ», «Резонанс.KZ» сайтының журналистері, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өкілдері, Алматы қаласының кітапханашылары белсенді атсалысты.
   Шарада әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры М.Ш.Габдуллина, №34 Панфилов атындағы қазақ-орыс гимназиясының ұстаздары өздерінің алғыстарын  білдіріп ,пікірлерімен бөлісіп,болашақта табыстар тіледі.
 
     
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование