KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057578
2019 жылы:  123113
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2018

   2018 жылғы 4 мамырда Н. Дәулетова атындағы көрме залында  Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы және Орынбор «Евразия» қайырымдылық қоры бірлесіп ұйымдастырылған  Морис Дрюон мен Жозеф Кессельдің «Российские корни» және Жозеф Кессельдің «Сибирские ночи» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызмет жетекшісі С.Т. Тұяқова құттықтау сөзбен ашты.
   Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілі, Алматы қаласы Ресей  Федерациясының Бас консулдығының консулы  И.В.Переверзева іс-шараның модераторы болды.
   Шараның қонағы Орынбор «Евразия» қайырымдылық қорының Президенті И. В. Храмов  француз жазушылары М.Дрюон  мен Ж.Кессельдің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгіме қозғап,  Морис Дрюон мен Жозеф Кессельдің «Российские корни»  және Жозеф Кессельдің «Сибирские ночи» атты кітапттарын көпшілік қауымға таныстырып, жазушылардың шығармашылығы туралы документальды бейнебаяннан көріністер көрсетті. Кітапханаға бірнеше дана авторлардың орыс тіліндегі «Российские корни», «Сибирские ночи»  атты кітаптарын сыйға тартты. Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған «М.Дрюон мен Ж.Кессельдің әдеби мұралары» атты иллюстративті-кітап көрмесі мен слайд ұйымдастырылды.
   Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп  оқушылары, БАҚ өкілдері «Деловой Казахстан» газетінің журналистері,  кітапхана қызметкерлері  іс-шараға қатысты.

     

     

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование