KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885177
2019 жылы:  18892
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.04.2018

   2018 жылдың 13 сәуірінде Н. Дәулетова атындағы залда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры Алаш Республикасы және Башқұртстан қарым-қатынастарына 100 жыл толуына орай "Ұлт-азаттық қозғалыстардың ынтымақтастығы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

   1917 жылдың қараша және желтоқсан айларында Орта Азия, Алаш және Түркістан мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды. 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында III Бүкілбашқұрт құрылтайында Башқұртстан ұлттық-аймақтық мемлекеті жарияланды. 1918 жылдың мамыр айында Қостанай қаласында Алаш және Башқұртстан үкіметтері Кеңес өкіметі тәртібіне қарсы бірлесіп күресу және бірыңғай мемлекет құру туралы келісімге келді.
   Конференцияда Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Мыржақып Дұлатұлы, Ахметзеки Валиди Туган, Шариф Манатов сыңды қазақ және башқұрт қайраткерлерінің ұлттық идеялары жайындағы ой-толғамдарын ортаға салып, ғалымдардың қатысуымен талқыланды. Ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақ және башқұртты шабыттандырып, ұлттық мемлекет құру, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттары қарастырылды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Бұл өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр.
   Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар, БАҚ өкілдері, студенттер мен оқырмандар.
   Ұйымдастырушылар: Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, "Men Qazaq" қозғалысы.
   Серіктестері: "Адырна" ұлттық-этнографиялық қауымдастығы, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Great steppe production, "Туран дүниесі" қоғамдық қоры, "Ұлы дала көшпенділері" мәдени-тарихи журналы.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование