KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057540
2019 жылы:  123075
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2018
    «Қазақстан кітаптары» оқу залында 7−мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.  
                                                                                                                                                                   
   Отан қорғаушылар күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам және демалыс күні. Мейрам жыл сайын 7 мамырда аталып өтеді. Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырдағы Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарғысы негізінде бекітілген.
   Мереке қазақстандықтардың Отанға қызмет ету борышы мен батырлық ерліктерін бейнелеп, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің абыройын еліміз бен сырт елдерде асқақтатады.
   Біздің халқымыздың тарихында жаудың шабуылдары мен үлкен шайқастарды бастан кешірген, бойында батылдық пен патриоттық рухты әскери қызметшілерді тәрбиелейтін жасақ бар. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде батыл шайқасқан және Ауғаныстанда әскери борышын орындаған қазақстандық жауынгерлердің рөлі ерекше үлгі болады.
   7 мамыр күні Президент дәстүр бойынша әскери міндетін орындауда ерекшеленген  әскери қызметшілерді ордендермен, медальдармен марапаттап, әскер басшыларына жоғарғы атақ тағайындайды. Бұл Отан қорғауда ерлігі мен қызметін кіршіксіз адал атқарған және болашақ Отан қорғаушыларға үлгі болатын марапаттау белгісі.
   Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан еліміздің Қарулы Күштерінің тарихы туралы, сондай-ақ әскери тақырып бойынша материалдар ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование