KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057516
2019 жылы:  123051
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.05.2018

   2018 жылғы 11 мамырда Н. Даулетова атындағы залда ЖШС «DICOSTA TECHNOLOGIES LTD»/ЖШС «COMPUTER SERVICES LTD»-нің президенті, химия ғылымдарының кандидаты, спортшы-таушаңғышы, альпинист Александр Серазетдиновтың сурет көрмесінің тұсаукесері өткізілді.

   Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, ЖШС «DICOSTA TECHNOLOGIES LTD».
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.К. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Шараның модераторы - BОSЕ сату департаменті бастығының міндетін атқарушы В.С. Олифиренко.
   Іс-шарада «DICOSTA TECHNOLOGIES LTD» ЖШС президенті, химия ғылымдарының кандидаты, спортшы-таушаңғышы, альпинист Александр Серазетдинов және Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.А. Балғымбаев ҚХА және этномәдени орталықтардың жұмысы жайлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында қазақстандық альпинистердің тау шыңдарына көтерілуіне арналған фотокөрме,  инновациялық әзірлемелердің арқасында құрылатын және түрлі салаларда кең қолданысқа ие болып келе жатқан BOSE компаниясының өнімдері таныстырылды.
   Қазақстан альпинистері ҚР мемлекеттік рәміздерін, Қазақстан халқы Ассамблеясын, Алматы қаласы әкімшілігін, сондай-ақ  «Туған жер» - «Өлкетану», «Жергілікті туризмді дамыту», «Жастарды ұлттық отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу және туған өлкенің мәдени және тарихи құндылықтарын сақтау» бағдармалары тармақтарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау мақсатында көрнекті жерлерге көтерілгендігі туралы бейнежазба көрсетілді.
   Іс-шараға оқушылар, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты.

     

     
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование