KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884885
2019 жылы:  18600
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.05.2018

   2018 жылғы 16 мамырда «Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен ақынмын − жалынмын» атты әдеби кеш өтті.

   М.Жұмабаев – ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. 1917 жылы  Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинариясын алтын  медальмен бітірді. 
М.Жұмабаевтың шығармашылық жолы 1909 жылы басталды. Оның «Шолпан» атты жинағы кеңінен танылды (Қазан,1922). Бұл кезде оның шығармашылығына ықпал еткен қазақтың белгілі қайраткерлері Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Дулатовпен және т.б. танысады. 1917-1923 жылдары Ташкент қ. «Бостандық туы», «Ақ жол» газеттерінде «Шолпан», «Сана» журналдарында өлең жариялап тұрды. М.Жұмабаев Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өз шығармаларында шығыс пен еуропалық мәдениет дәстүрлерін біріктірді, әдебиеттің халық өмірімен тығыз байланыста болуын қолдады. М.Жұмабаев өлеңдерінің негізгі тақырыптары – еңбекші халықтың ауыртпалығы, әйел теңдігі, әлеуметтік езгіні, күштілердің озбырлығын жою.
   Әдеби кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған М.Жұмабаевтың өмірі мен қызметі, оның шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған «Мен ақынмын − жалынмын» атты кітап көрмесінің материалдары бойынша шолу жүргізілді және слайд-шоу көрсетілді. Кітапхананың оқырмандары мен жастарының орындауында ақынның шығармаларынан өлеңдер және оның сөзіне жазылған әндер тыңдалды. Аризона университетінің (Аризона штаты, АҚШ) докторанты Мехмет Волкан Кашикчи М. Жұмабаевтың Түркияда ең танымал ақындардың бірі екеніне тоқталып, ақынның бір өлеңін оқыды. «Қазақ радиосы» радиостанциясының журналисі Серікұлы Ерасыл М. Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Сен сұлу» атты танымал әнін орындады.
   Іс-шарада сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары М.М Бигелдиева, Ғылыми-әдістемелік қызметінің бас маманы Г.Т. Рахымжанова және т.б.
   Қатысушылар: оқырмандар, кітапханашылар, Алматы қ. жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектеп оқушылары.

                

           

                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование