KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057573
2019 жылы:  123108
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.05.2018

   2018 жылғы 22 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жаңылхан Асылбекованың «Жанарымдағы жарқыл ең» жыр кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ақын «Жанарымдағы жарқыл ең» жинағында туған жерін, табиғатты, махаббатты жырлайды. Қазақстанның белгілі сазгерлері ән жазған жеті өлеңін «Жеті ән» деген айдармен топтайды. Ақынның жаңа кітабы жеті бөлімнен тұрады.
   Іс-шараға ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып, «Халықаралық Алаш» сыйлығының лауреаты Зайда Елғондина, ақын Жанарбек Әшімжан сынды белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентері ақын өлеңдерін оқып, ән шырқады.
   Іс-шара соңында  «Жанарымдағы жарқыл ең» жыр кітабын безендірген суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Майса Ықыласованың  сурет көрмесі ұйымдастырылды.

     

     
  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование