KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884874
2019 жылы:  18589
бүгiн:  1
қазiр:  72
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.05.2018

   2018 жылғы 25 мамырда Н.Дәулетова атындағы  залда   ақын, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынова жайлы жазылған естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Бұл естелік кітап – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық ақыны Фариза Оңғарсынованың өміріне арналған.
   Естелік кітапта ақындығы арқылы өз жүрегін қалың оқырман жүрегіне жалғап өткен Фариза туралы  замандастары, әріптестері, достары оның адамдық тұлғасы, қайраткерлігі, қамқорлығы, қайсар мінезі, ешкімге ұқсамайтын дара жаратылысы туралы жазылған. Кітаптың құрастырушысы белгілі журналист Гүлсім Оразалықызы. 
   Іс-шараның модераторы - жазушы, журналист, Қазақстанның Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов Әбдешұлы болды. Сондай-ақ шараға Сәбит Оразбаев, Әлия Бейсенова, Маралтай Ыбыраев, Ғазиза Әбдінәбиева сынды белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын туыстары қатысып, естеліктерімен бөлісті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ақын поэзиясынан өлеңдер оқып, ән шырқады.

      

                                       

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование