KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057526
2019 жылы:  123061
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2018

   2018 жылғы 30 мамырда, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, тұңғыш қазақстандық скрипкашы, Түркістан легионы фашистік концлагерь тұтқыны Әйткеш Толғанбаевтың өміріне арналған «Қатал тағдыр тәлкегі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. 

   Бұл кітапта фашистік және большевиктік лагерь тұтқыны  Әйткеш Толғанбаевтың басынан кешірген оқиғалары жазылған. Ол Отанын сатқан жоқ, туған халқына, еліне қарсы зиянды әрекеттерге бармады, от пен оқтың, өмір мен өлімнің небір адам төзбейтін қиындықтарын тарта жүріп, өмір үшін күресті. Оның өмір жолы – ерліктің, қайсарлықтың, адалдықтың, азаматтықтың үлгісі.
   Іс-шараға Саяси қуғын-сүргін құрбандары өкілдерінің ұрпақтары, Азаматтық Авиация академиясы мен «Аяжан» медициналық колледжінің студенттері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысып, Әйткеш Толғанбаевқа арналған өлең жолдарын оқыды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование