KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057612
2019 жылы:  123147
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.05.2018

   2018 жылғы 29 мамырда Е.Тұрсынов киноклубында Мәжит Бегалиннің «Это было в Шугле» атты кинофильмінің көрсетілімі және талқылауы өтті. Қазақ киносының шебері Мәжит Бегалиннің «Это было в Шугле» атты кескіндемесі 1955 жылы түсірілген және шектеулі көрсетілген.

   Фильмнің сюжеті бойынша Телғар Темірбеков «Шұғыла» колхозында жиырма жыл бойы жұмыс істейді. Ол осы колхозды ұйымдастырады. Оның еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында колхоз экономикалық тұрғыдан мықты болып, аймақтағы  басты орындардың біріне айналды. Бірақ соңғы жылдары Телғар күрт өзгерді: ол фермерлерді тыңдамай, құрметтемейтін болды.  Бұл колхоздың қызметіне кері әсерін тигізді. Мал өлімі жиі құбылыс болып, дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеді. Жас агроном Бақытжан, мал дәрігері Ксюша, тәжірибелі колхозшы Жанас Телғар Темірбековпен батыл күресуде. Оларды  аудандық партия комитетінің хатшысы Рүстемов те қолдайды. Қатты сынға түскен Телғар Темірбеков осыдан соң өз қатесін түсінеді.
   «Это было в Шугле» фильм көрсетілімінде  Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, халық әртісі Б.Төлегенова және тағы басқа танымал актерлер қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование