Британ Кеңесі ҚР Ұлттық кітапханасымен бірге
Сізді поэзия кешіне шақырады,
кеш «Қазіргі заманғы поэзия» фестивалінің аясында
17 мамыр күні сәрсенбіде сағат 18.30-дан 20-30-ға дейін Ұлттық кітапхана жанындағы «Экслибрус» кафесінде өтеді.
(Абай даңғылы, 14)
Біздің қонақтарымыз ақын Менна Элвин мен Ұлыбританиялық ақын-аудармашы Дэниел Вайссборт
Менна Элвин валлия тілінде жазады. Ол корольдік әдеби қоғамның және Валлиялық «Academi Gymreiq» әдеби ұйымының мүшесі, 1998 жылдан бері ол сондай-ақ Кармартен қаласындағы Тринити колледжінің жанындағы шығармашылық жазу жөніндегі магистерлік бағдарламаның жазатын директоры болып табылады.
1995 жылы ақынның бірінші өлең жинағы екі тілде шықты, одан кейін мына кітаптары жарық көрді.
Менна Элвин сондай-ақ, балаларға арнап екі кітап жазды, соның бірі «Rana Rebel (2002)» бала-солдат туралы баяндайды, оның балаларға арнаған тағы да екі өлең кітабы бар «Ffwl Yn Y Dwr: Casqliad O Gerddi I Bobl lfanc (1999)» және «Caneri Pin car Dywod Euraid (2003)».
Менна Элвиннің өзге шығармаларды пьесаларды, адаптацияларды және тлевизияға арналған сценарийлерді, радиопьесаларды, сабақ үлгермейтіндерге арналған оқулықтарды, сондай-ақ, «Save the Chiedren Fund (1997)» қайырымдылық қорының тапсырысымен жазылған жинақты және либеротталар топтамасын қамтиды.
Джон Роуландспен бірге Менна «Қазіргі заманғы валлия поэзиясының антологиясы: тәржімадағы 20 ғасырдағы валлиялық поэзия» басылымдарының редакторы.
2002 жылы Менна Элвин «валлиялық балалар әдебиетінің лауреат-ақыны» атағын алды.
Дэниел Вайссборт 1935 жылы Лондонда дүниеге келді. Кембридж университетінде оқып жүрген алғашқы жылдарда ол Британиялық болашақ лаурает-ақыны Тед Хьюзбен танысады. 1965 жылы Вайесборт пен Хьюз «Аудармадағы қазіргі заманғы поэзия» журналын ашты, Вайссборт күні бүгінге дейін сол журналдың редакторы. Вайссборт Лондондағы «Poetry international» халықаралық ағылшын поэзиясы фестивалінің консультативті директоры болды, сондай-ақ ол PEN American Centre Translation Committee (американдық ПЕН-Орталығының аударма комиссиясы) қоса есептегенде көптеген басқа да комиеттердің мүшесі болды. Қазір ол өлең жазады, сабақ береді, дәрістер оқиды және өзінің зайыбы Валентина Полухинамен бірге орыс әдебиетін аударады және көпшілікке таратады.
Вайссборт өзінің аудармалары, орыс және шығыс еуропалық поэзия антологиясы арқылы ерекше танымал, бірақ ол ақын ретінде де белгілі. Оның 2001 жылы күзде жарияланғн соңғы өлеңдер жинағы, өзінің байырғы досы және әріптесі Туд Хьюзе арналған.
Анықтамалар үшін телефон:
Британ Кеңесі: (3272)72-02-07; ҚР Ұлттық кітапхана (3272) 67-28-74
|