KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884841
2019 жылы:  18556
бүгiн:  1
қазiр:  69
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2018

   2018 жылғы 30 мамырда «Қазақстан кітаптары» оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ҚР Білім және  ғылым министрлігі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихшыларының қатысуымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 120 жылдығына арналған «Арқаның асыл перзенті» атты еске алу кеші өтті.

   Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметі және Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология нститутының халық және тарихи тұлғалар бөлімі.
   Бұл іс-шараның мақсаты  ̶  жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға және қазақ халқының өткен тарихына деген құрметті арттыру.
   Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Ж. Сәдуақасовтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, туыстарының  естеліктері, ол туралы мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар, сонымен қатар фотосуреттердің слайд-шоуы көрсетілді. «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Бахтыгереева Г.М. кітап көрмесінің материалдарына  шолу жасады.
   Тарих және этнология институты  тарих ғылымдарының докторы, доцент А.И.Құдайбергенованың  жетекшілігімен халық және тарихи тұлғалар бөлімінің қызметкерлері «Алжир» лагерінің қайғылы оқиғасы туралы әңгімелеп берді. Ғалымдардың  әңгімелері Алжир тарихы  туралы  деректі фильмнің көрсетілуімен қатар жүрді. Тарихшы ғалымдардың сөздері оқырмандар мен кітапхананың жастарына үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, ғалымдар іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында оқырмандар  іс-шараны ұйымдастырған  кітапханашыларға, сондай-ақ тарих ғылымына қосқан үлестері үшін  ғалымдарға алғыстарын білдірді.
   Іс-шараға қатысушылар: тарихшы-ғалымдар, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері.

     

     

                                              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование