KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885037
2019 жылы:  18752
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.05.2018

    2018 жылғы 29 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,  1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы Саяси қуғын-сүргінге арналған «Алаш арыстары және ашаршылық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
   Конференцияның мақсаты – Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстан жерінде болған ашаршылықты, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын, олардың тарихын, ұлт зиялыларының ел мүддесі үшін күресін, сол кезеңдегі тарихи шындықтың бетін ашу, еліміздегі ғалымдардың, зерттеушілердің талдаулары мен ой-пікірлерін ұсыну.
 Іс-шарада  Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев сынды арыстарымыздың күреске толы өмірі хақында тың зерттеулер мен деректер айтылып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланды.
   Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиев, Х. Әбжанов, Қ.Алдажұманов, Б.Қойшыбай, Т.Омарбеков, С.Борбасов, С. Смағұлова, Ш.Тілеубаев сынды тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргінді көрген қайраткерлердің ұрпақтары  және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысты. Шара барысында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


     

                                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование