KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057498
2019 жылы:  123033
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.06.2018

   2018 жылғы  1 маусымда  Н. Дәулетова атындағы залда Жанар Қуандыққызының «Бақытты жанұя» атты бүлдіршіндерге арналған ойын кітапшасының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Балалар мерекесінің қарсаңында жарық көрген ойын кітапшасы елімізде тұңғыш  рет шығып отыр. Кітапша жас бүлдіршіндерге арналып, «Орхон» Баспа үйінен 500 дана таралыммен шықты. Бұл кітап баланың ой-өрісін қалыптастыруға, кітап оқуға деген ынтасын оятуға көмектеседі.
   Бүгінде елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түрлі игі бастамалар қолға алынып жатыр. Осындай сәтте сәбилердің болашағы һәм ұлттық құндылықтарымыз назардан тыс қалмауы тиіс. ХХІ ғасырдың зымыраған уақытымен таласа өсіп келе жатқан балалар ұялы телефонға тәуелді болып бара жатқаны бәрімізге аян. Бұл ойын кітапшасы бүлдіршіндеріміздің сол тәуелділіктерін арылтуға көмектеседі.
   Кітапшада ұлттық ою-өрнегіміз, киімдеріміз, тағамдарымыз суреттелген. Сонымен қатар бабаларымыздың нақыл сөздері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тапсырмалар және жаңылтпаштар жазылған. Бастысы тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.
   Іс-шараға химия ғылымдарының докторы, профессор Хабиболла Оспанов, Исахан Кемелбеков, Қуандық Шәкіржанов, Сәуле Әбединова, Жанатбек Байтеков сынды еліміздің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование