KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885071
2019 жылы:  18786
бүгiн:  1
қазiр:  91
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.06.2018

   2018 жылғы 4 маусым күні Көрмелер залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

   Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымда ресми түрде бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
   Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі, ол елдің рухани дамуына, мәдениетіне және тәуелсіздік идеясының дамуына үлес қосады. Отанға қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Мемлекеттің рәміздерін құрметтеу, оларды дұрыс түсінуге және мән беруге бағытталған. Мемлекеттік рәміздер тарихын және оның мәнін білу жастардың білім деңгейін, азаматтық көзқарасын арттыра түседі.
   Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар,  мемлекеттік рәміздер туралы әдебиеттер ұсынылады.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование