KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909115
2019 жылы:  42830
бүгiн:  4
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.06.2018

   2018 жылғы 7 маусымда Е.Тұрсынов киноклубында ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен, Қазақстан кәсіподақтарының күніне арналған «Күшімізді біріктіре отырып, болашағымызды анықтау» атты қалалық салтанатты кеш өтті.

   Іс-шарада «Қазақстан кәсіподағы қозғалысының тарихы» атты көрме ұйымдастырылып, қалалық филиалдардың қызметі жайлы арнайы дайындалған экспозициялар ұсынылды, сонымен қатар, кәсіподақтардың қызметі жайлы бейнеролик көрсетілді.
   Бір ғасырдан астам тарихы бар кәсіподақ, осы уақытқа дейін тарихи дәуірлер мен саяси оқиғаларды, талай қиыншылықты, неше түрлі қиын-қыстау күндерді бастан кешірсе де, осы күнге жетіп, өзінің алға қойған мақсатын – қызметкерлердің құқығын қорғауды ешқашан ұмытқан емес.
   Салтанатты шараны «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының активтерін басқару жөніндегі дирекция» мекемесінің Бас директоры Мусин Қобыланды және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырыкбаев ресми түрде құттықтау сөздерімен ашты.
   Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Кәсіпкерлер палатасы, Еңбек және көші-қон басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, Ардагерлер кеңесі, «Жас Отан» жастар қанаты, «Еріктілер» қоғамдық қоры, «Шырақ» мүмкіндігі шектеулі әйелдердің қоғамдық қоры, Алматы қаласының алғашқы кәсіподақ ұйымдары, БАҚ өкілдері мен оқырмандар қатысты.
   Сондай-ақ, кәсіподақ белсенділері Максим Иванцов, Алихан Әбдіров, Алмагүл Жайылханова, Владимир Карлович, Галина Саматокина «Кәсіподақ өміріне белсенді қатысқаны үшін», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Әлеуметтік серіктестер», «Кәсіподақтардың жастар резерві», «Жаппай құқықтық білім алу» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды.
   Шараның екінші бөлімінде пленарлық отырыс залында қатысушылар үшін «Еңбек заңнамасы», «БАҚ-мен жұмыс істеу», «Әлеуметтік серіктестік және медиация», «Жастармен жұмыс», «Сауықтыру демалысын ұйымдастыру» тақырыптарында семинар-тренинг өтті. 
   Сондай-ақ, шара соңында  қалалық клуб белсенділері «Біз – кәсіподақ резервтеріміз» атты ұранымен жастар флеш-мобын ұйымдастырды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование