KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884819
2019 жылы:  18534
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.06.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің  оқу  залында  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстанның киелі жерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында «Көнеден жеткен қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел тәуелсіздігін жарияланғаннан бастап, экономикалық және саяси жаңғырудың құрамдас бөлігі болды.                                                       
   Осы бағдарламалық мақаланың басым міндеттерінің бірі «Қазақстанның қасиетті  рухани құндылықтары»  немесе  «Қазақстанның  киелі жерлерінің  географиясын»  құру  болды. Қазақстанда қасиетті орындардың  көне тарихы бар.  Бұл  Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан архитектуралық құрылымдар, қалалар, елді мекендер, жерлеу қорғандары, некрополис, ғибадатханалар, үңгірлердегі суреттер және тарихи пейзаждар. Олар  ежелгі дәуірден, тас ғасырдан бастап, орта ғасырларға дейінгі үлкен хронологиялық кезеңді қамтиды.  Олар елеулі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Сондай-ақ, ұқыпты тәсілді пайдалана отырып консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
   Жыл басында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында  «Киелі Қазақстан» энциклопедиясының алғашқы томының тұсауы кесілді. Жергілікті ғалымдар, тарихшылар, этнографтар Қазақстан өңірлеріндегі ғылыми-зерттеу экспедиция жұмыстарының қорытынды материалдарын ұсынды. Бұл жинаққа рухани құндылықтармен қатар,  Астана, Алматы қалаларының және Алматы аймағының, Ақмола облыстарының тарихи  ескерткіштері енгізілді. Кітапта киелі нысандардың безендірілген материалдары және олардың орналасқан жері көрсетілген карта ұсынылған.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Көнеден жеткен қазына» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Қазақстанның көне қалаларының тарихы, Жетісудың ерте темір дәуірінің петроглифтері, Орталық Қазақстанның ертедегі ескерткіштері, А.Х.Марғұланның, А.М.Оразбаевтың, К.А.Акишевтің және  т.б. көрнекті қазақстандық зерттеушілердің ғылыми зерттеулерінің материалдары қойылды. Сондай-ақ, көрмеде  энциклопедиялық басылымдармен Қазақстанның әр өңірінің жылжымайтын ескерткіштері,  археологиялық ескерткіштер, тарихи және мәдени ескерткіштер, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, өнердің монументалды түрлерімен танысуға болады.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование