KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057649
2019 жылы:  123184
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.06.2018

   2018 жылғы 13 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда белгілі ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Тілеужанұлының «Қаракерей Қабанбай» атты  кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Кітаптың алғашқы бөлімі «Қашқын» деп аталады. Бұл бөлімде Қабанбайдың ержетіп, «Ақтабан шұбырындыда» қол бастаған Ордабасы болғанын көрсетеді. Ал соңғы бөлімінде романның эпилогы ақынның «Қаракерей Қабанбайдың» соңғы соғысы» атты поэмасымен символикалық, оптимистік тұрғыда аяқталады.
   Зейнолла Тілеужанұлының «Қаракерей Қабанбай» тарихи романы  отыз жылдан астам уақытқа созылған жанкешті еңбектің жемісі. Автор тарихи тұлғаларды тірілтеді, аттың жалы, түйенің қомында қолынан қару тастамай жүріп көрсеткен ерліктерін өзінше, өзгеше сомдайды. Кітап қалың оқырманға арналып, «Толғанай Т» баспасынан шыққан. Редакторы – публицист, жазушы Талғат Айтбайұлы.
   Іс-шарада Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары – Бауыржан Жақып;  жазушы, драматург – Сәбит Досанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы; жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков және т.б белгілі мәдениет қайраткерлері сөз сөйледі. Сондай-ақ, жазушылар оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.  Шараның модераторы -  «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының лауреаты, жазушы – Аманғазы Кәріпжан болды.

     

                                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование