KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884788
2019 жылы:  18503
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.06.2018

   Өнер бөлімінің оқу залында күйші-композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Ұлы күйші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Құрманғазы 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі ауылында туып, Астрахан облысындағы «Шайтани батаға» деген жерде қайтыс болған. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түскен. Алғашқы ұстазы –Ұзақ. Кейіннен Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұршылық назарына ілігеді. Бөкей ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайсан, Соқыр Есжан күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі Исатайға арналған.
   Құрманғазының «Ақбақай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Аман бол, шешем, аман бол», «Кісен ашқан» және т.б. күйлері халық арасына кеңінен мәлім. Құрманғазы орындаушылық пен күй шығару өнерін өзара шебер үйлестіруде. Халықтың басқа күйші-композиторларының шығармашылығында кездесе бермейтін өзгеше симметриялық ерекшеліктер, секундалық интервалдар, глиссандо, форшлаг сияқты бейнелеу тәсілдері Құрманғазының күй формасын дараландырып тұрады. Құрманғазы күйшілік өнердегі жаңашылдығымен халық музыкасына жаңа бағыт енгізіп, өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырып кеткен күйші. Құрманғазы күйлерін халық арасына насихаттап жеткізген домбырашылар: Н. және М. Бөкейхановтар, О. Қабиғожин, Қ. Жантілеуов, Л. Мұхитов, Ғ. Матов, С.Көшекбаев, М. Өскенбаев және т.б.
   Күйшінің есімімен аталатын Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазы шығармалары бүкіл жер жүзіне тарады. Күйшіге арнап Е.Г.Брусловский «Құрманғазы» атты симфония, А.Жұбанов пен Ғ. Жұбанова «Құрманғазы» атты опера жазды. Құрманғазы музыка мұрасын зерттеуге Жұбанов, А.Затаевич, П. Аравин, Ж. Рысалдин және т.б. елеулі үлес қосты.
   Ұлы күйшіге құрмет ретінде Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Алматы мемлекеттік консерваториясына, балалар музыкалық мектебіне, жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, күйтабақтар, СД-дискілер және мерзімді басылымдар қорынан Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование