KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885065
2019 жылы:  18780
бүгiн:  1
қазiр:  89
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.06.2018

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында облыстық «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.
   «Актюбинский  вестник»  алғаш  рет  жарыққа  шыққан  облыстық қоғамдық - саяси  газет. 1918  жылы 19 маусымда  газеттің  алғашқы нөмірі шықты. Газет  атқару комитетінің қаулы-қараларын  жариялап, ауыл жұмысын жандандыру, Ақтөбе губерниясының экономикалық жағдайы туралы  жазды. Газет «Известия» деген атаумен шыға бастады. Бір жылдан кейін газет Ақтөбе комитетінің РКП(б ) органы «Правда» деп аталды. Ақтөбе  ақтардан  босатылғаннан кейін басылым «Красная звезда» атауымен жарық көрді. 1921 жылы газет - Халық шаруашылығы кеңесінің, кәсіподақ және жер комитетінің органы «Киргизская степь» болып аталып, 1921 жылы 12 тамызда  Ақтөбе губкомы РКП(б) баспа органдары болды, 1924 жылы желтоқсанда атауы «Степная крестьянская газета» болып өзгерді. 
   Оқырмандар арасында шын мәнінде газеттің  беделі жоғары болды. 1929 жылы газет «Степная правда» атауымен шықты. 1932 жылы наурызда Ақтөбе облыс  болып құрылып, партия облыстық комитеті бюросының шешімі  бойынша газетке «Актюбинская правда» атауын беру туралы Қаулы қабылданды. Осы атаумен газет отыз үш жыл жарыққа шығып отырды.
   1962 жылы Ақтөбе  Батыс Қазақстан облысының орталығы болып құрылды, осы жылдан бастап 1965 жылға дейін «Западный Казахстан» өлкелік  газет ретінде шығарылды.
   Қазақстан Компартиясы мен Ақтөбе облыстық атқару комитетінің  органы 1965 жылы  маусымда Кеңестік халық шаруашылығы таратылып, газетке облыстық мәртебе қайтарылып «Путь к Коммунизму» өлкелік  атаумен шықты.
    1968 жылы газет 50 жылдығы құрметтіне орай «Құрмет» белгісі орденімен марапатталды.
   1990 жылы қараша айында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, газет бастапқыдағы «Актюбинский вестник» атын қайта иеленді.
   Қазіргі уақытта газет  9 653 дана таралыммен  шығады.
«Ақтөбе Медиа» ЖШС басшылығы  газет журналистикасының мұражайын құруды жоспарлап отыр. Облыстық «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің энциклопедиясын шығармақшы, онда түрлі айдарлар, қызықты жобалар жүзеге асырылады. «Актюбинский вестник» газеті облыстағы жалғыз баспа органы, оның нақты өз туған күні бар және өткен ғасырдың жетекші тарихи шежіресі.      
   Көрмеде«Актюбинский вестник» газетінің мерейтойлық сандары,танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым  беттеріндегі  мақалалары ұсынылған.
   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование