KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057588
2019 жылы:  123123
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.06.2018

   2018 жылғы 20 маусымда Е.Тұрсынов киноклубында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай «Гүлдене бер, менің Астанам!» атты үлкен әдеби-музыкалық мереке  өтті.
Кітапхана фойесінде ардагерлер көркем шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды, соның ішінде суретшілердің жұмыстары, сондай-ақ қолөнер шеберлерінің жәдігерлері ұсынылды.
    Іс-шара әрі қарай студенттер мен оқушылардың қатысуымен, көркемөнерпаз ардагерлер ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты.
     Халықтың «Сен менің Астанамсың!», «Арман қала», «Астана вальсі», «Айтыс Наурыз» сияқты сүйікті әндері орындалып, Астананың туған күніне арналған авторлық өлеңдер оқылды. Сондай-ақ,  концерт барысында ардагерлер арасында айтыс ұйымдастырылды.
     Шарада Қазақстанның жас астанасының қалыптасуына байланысты фотосурет эскиздері бар бейнероликтер көрсетілді.
   Мереке соңында айтыс жеңімпаздары мен қатысушылар Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование