KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057635
2019 жылы:  123170
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.06.2018

   2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ғылыми қызметкерлерге арналған залына Өмірзақ Сұлтанғазин есімінің берілуіне байланысты салтанатты іс-шара өтті.

   Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин ̶ көрнекті ғалым-математик, ҚР Ғылым академиясының академигі, радиациялық трансферия теориясы саласындағы қазақстандық  ғылыми мектебінің негізін қалаушы.
   Ө.Сұлтанғазин қажетті пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыруда маңызды және жемісті жұмыс жасады, олардың сапалы орындалуына қол жеткізді. Радиациялық тасымалдаудың кинетикалық теориясындағы көп өлшемді мәселелердің айырымдық сызбаларын құру және дәлелдеу әдістерін қоса алғанда, Больцман теңдеуі мен есептеу математикасының сызықты емес модельдерінің математикалық теориясындағы зерттеулердің нәтижелері, плазма теориясын, шығарылған газдардың динамикасында, сәуле беру теориясы және т.б. ғылыми жұмыстары үшін Ө.Сұлтангазин КСРО Мемлекеттік сыйлығына (1987 ж.), Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Чехословакия Ғылым академиясының сыйлығына ие болды (1989).
   Ғылыми қызметкерлерге арналған залға Ө.Сұлтангазиннің есімінің берілу мақсаты – ғасырдан-ғасырға жалғасатын естелік және математиканы дамытуға, әлемдік  Қазақстанның беделін арттыруға үлкен үлес қосқан көрнекті ғалымның шығармашылық мұрасын еске сақтау және танымал ету. Бұл зал қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған, жұмыс және оқу үшін барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Жалпыға ортақ пайдалану үшін ашық қорда Ө.Сұлтанғазиннің жеке кітапханасынан ғылыми еңбектері, монография және мақалалары, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қызметі туралы фотосуреттер жиынтығы ұсынылған.
   Ашылу салтанатына қатысқандар: Алматы қ. әкімінің Мәдениет және Архивтер басқармасы басшысының орынбасары Д.А.Әлиев, Абай атындағы Қаз ҰПУ ректоры, профессор Т.О.Балықбаев, ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер, профессор И.Т.Пак, ғалымның жұбайы Р.Г.Сұлтанғазина және т.б.  Қатысушылар ғалым - математик Ө.Сұлтанғазиннің шығармашылық қызметімен және өмірімен жақын танысуға мүмкіндік ала отырып, осы залға ғалымның есімі берілуімен құттықтады. Іс-шара қонақтары кітап көрмесімен және ғалымның суреттер жиынтығымен танысты.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан Сұлтангазиннің отбасына  ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залына қолдау көрсеткені үшін және ғылыммен,  ғылыми-техникалық еңбекпен шұғылданушы ғалымдардың жұмыс істеуіне жайлылық орнатқаны үшін алғыс хат берілді.

   Іс-шараға ғалымдар, туыстары, достары, ЖОО-ның оқытушылары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование