KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057651
2019 жылы:  123186
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.06.2018

   2018 жылғы 22 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда  «Ел-шежіре» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Астана – өңірлердің қарқынды даму факторы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

   Іс-шараның басты мақсаты  – Елорданың өңірлерді дамытып, гүлденуіне  қосқан үлесін айшықтау.
   Шара барысында «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы «Астана – тәуелсіз Қазақстанның ең үздік жобасы»; саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали «Астананың жаңа этникалық келбеті»; ақын, «Қазақ үні» ЖШС президенті Қазыбек Иса «Алаштың Астанасы»; «Қамшы» ақпараттық агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш «Астана – бүкіл әлем қазақтарының елордасы»; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлжаухар Көкебаева «Астана -  саяси шешімдер орталығы; этнолог, ғалым, тарих ғылымының докторы Ахмет Тоқтабай «Астана – тәуелсіздігімнің бойтұмары» тақырыбында баяндама оқыды. Конференцияға  қоғам қайраткерлері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
  Іс-шараның модераторы Алматы қалалық мәслихатының депутаты, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов болды.

     

                                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование