KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884971
2019 жылы:  18686
бүгiн:  1
қазiр:  78
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.06.2018

   2018 жылғы 26 маусым Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Қазақстан журналистері күніне орай «Астананың түркі әлеміндегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов құттықтау сөзімен ашып, Еуразия Экономикалық қатынастар   қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулының орынбасары Алтай Альпер, ҚР Түркиядағы елшілігінің дипломаты Мәлік Отарбаев сөз сөйледі.
   Шара аясында түрік тіліне аударылған Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Спандияр Көбейұлының «Қалың мал» және Міржақып Дұлатұлының «Бақытсыз Жамал» романдарының және жазушы Несіпбек Дәутайұлының «Жол» атты әңгімелер және повестер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
   Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына үлес қосқан қазақстандық баспасөз өкілдері: «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбай, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай,  «Түркістан» газетінің бас редакторы Жаңабек Шағатай, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі Нұрғали Ораз және т.б  журналистер Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығының «Баспасөз сыйлығымен» марапатталып, Түркі әлемі мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін: жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Әшириге; ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбекке; Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа алғыс хат тапсырылды.
   Іс-шараның модераторы  ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы болды.

     

      

                                              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование