KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057282
2019 жылы:  122817
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.06.2018

  Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы сіздерді төл мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
   Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп.  Жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да  шынайы журналистік зерттеуге  байланысты екені барша халыққа белгілі. Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең алдымен сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Әркез  халықтың қамын ойлап, тұрақтылыққа қол жеткізуге, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуына үлкен үлес қосудасыздар.
   ҚР Ұлттық кітапханасы сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалап,  жемісті ынтымақтастық орнатып, біздің шараларды жедел және объективті жариялауға атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.
   Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық  кітапханасының
директоры
 Ж.Т.Сейдуманов


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование