KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057329
2019 жылы:  122864
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.06.2018

   2018 жылғы  29 маусымда Е.Тұрсынов киноклубында Алматы полиграфиялық колледжінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

   Қазақстанның полиграфия өнеркәсібі биыл 359 маманмен толықты. Оның ішінде 54 студент қызыл дипломмен бітіріп, 200 маман Мәскеу мемлекеттік политехникалық университетінде және Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінде оқуларын жалғастырады. Сондай-ақ, 5 студент Шанхайдағы Баспа ісі және басып шығару колледжінде тағылымдамадан өтті.
   Алматы полиграфиялық колледжі – полиграфия саласы үшін жұмысшы мамандарды  дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны. Колледждің шеберханалары соңғы бағдарламалық жасақтамамен, ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, өзінің оқу баспаханасы да бар. Колледждің басты ерекшелігі - студенттер уақытының басып көпшілігін өткізетін өндіріс орнын білім беру үдерісіне  барынша жақындату.
   Колледж болашақ полиграфистерді «Дәуір» республикалық баспа-полиграфиялық кешені, «Атамұра» корпорациясы  және бірқатар жекеменшік баспаханалармен тығыз әріптестік қарым-қатынаста дайындайды. Оқу орны полиграфиялық жабдықтарды өндіру бойынша әлемге әйгілі көшбасшы австриялық «Гейдельберг» фирмасымен де ынтымақтастық орнатып, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауда.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование