KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057328
2019 жылы:  122863
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.07.2018

  2018 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында бірінші FOYA жас суретшілер фестивалінің ашылуы өтті.

   FOYA фестивалі Қазақстандағы алғашқы толықтырылған шындық элементтері бар картиналар  көрмесінен басталды. Көрермендер өнерді тек көзбен көріп қана қоймай, өздерінің гаджеттері арқылы суреттермен байланысу мүмкіндігіне ие болды. Осы мақсатта Жас суретшілер орталығы программистермен  бірлесіп, өнердегі цифрлаудың тәжірибелік құралы болып табылатын және өнер объектілерін «жандандыратын» «Өнер up» қосымшасын жасап шығарған.
   Көрме екі кезеңге бөлінді: галереяның ашық бөлігі  алты негізгі өнер объектілерінен құралды. Ондағы  картиналар әртүрлі стилистикалық құралдар мен суреттер арқылы Астана қаласының келбеті мен қырларын көрсетті. Ал жабық галереяда әртүрлі техникамен жасалынған картиналар болды. Олардың әрқайсысында  жеке тарих, адамдар, махаббат және өмір туралы бейнелер көрсетілген.
   Сондай-ақ фестивалдің ашылуында классикадан street art өнеріне дейінгі туындылары ұсынылды. Көрменің қатысушылары: танымал жас суретшілер Repas, Shaman Neon, Pamamurty, Tig crew, Алмаз Нұрғожаев, Бақыт Сейсенханұлы, Арайлым Қуаныш және т.б. болды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование