KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884900
2019 жылы:  18615
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.07.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – арман қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл қаланың ғана емес, бүкіл елдің тағдырын өзгерткен маңызды қадам болды. Мұндай қадам жасауға қаланың геосаяси тұрғыда қолайлы жерде тұруы, екі құрлықты жалғап жатқан күре жолдың бойында орналасуы, қала маңында көлік, телекоммуникация және инфрақұрылымды дамытуға қажетті бос орындардың көп болуы да өз әсерін тигізген болатын. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстан астанасы арнайы медальға және «Әлем қаласы» деген жоғары атаққа ие болды. Бүгінгі таңда Астанада – қазіргі заманның саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік мәселелерге қатысты әр түрлі жиындар өткізіліп, шетелдік инвестициялар толассыз тартылып жататын архитектуралық ғажайыптар бой көтеріп, батыл жобалар жүзеге асырылатын Кіндік Азия кеңістігінің орталағы болып табылады. Кәсіпкерлікке және өмір сүруге қажетті жағдайдың бәрі бар заманауи қала қазірдің өзінде халықаралық деңгейдегі ірі шараларды өткізуден мол тәжірибе жинақтап үлгерді. Олардың қатарында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, ЕҚЫҰ Саммиті және қысқы Азияда ойындарын атауға болады. Астанада өткен маңызды жобалардың бірі - Дүниежүзілік ЕХРО-2017 көрмесі.
   Астана ел астанасы болғалы, оған арнап көптеген әндер жазылды. Арасында елге танымал, танылып үлгермегені бар, қазір Астана туралы әндер көптеп саналады. Бұл әндердің қатары жыл сайын жаңа әндермен толығуда.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан еліміздің астанасы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование