KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885072
2019 жылы:  18787
бүгiн:  1
қазiр:  91
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2018

   Н.Дәулетова атындағы залда  Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Қазақстан – астаналар шежіресі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Биыл еліміз айтулы оқиға - елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойын  атап өткелі отыр. 1997 жылы егеменді Қазақстанның  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық батыл бағыттарының бірі болатын. Елбасының бұл шешімі қаланың Қазақстан мен Еуразия континентінің орталығында маңызды геосаяси орналасуына, тиісті көлік және қатынас инфрақұрылымының болуына байланысты туындады. 1998 жылы Елбасы жаңа елорданы «Астана» деп атауға шешім қабылдады.
   20 жылдың ішінде Астана өркендеген, инфрақұрылымы дамыған қалаға және мәдени, саяси, қоғамдық өмір тіршілігінің орталығына айналды. Бүгінде Астана қаласы өркендеп, құлпырып, Қазақстан тұрғындары мен шетел қонақтарының қызығушылықтарын оятуда.  Еуропалық және шығыс мәдениетінің дәстүрлері кірістірілген қазіргі заманғы сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі келбетін айқын бейнелейді. Астана қаласына Елорда мәртебесін беру қаланың өсуіне, дамуына орасан зор ықпал етті.  Осы уақыт аралығында қала ажары түбегейлі өзгеріп қана қоймай, өндіріс, құрылыс, мәдениет, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету салалары да айтарлықтай өзгерді. Қала халқының саны шапшаң өсе бастады.
   Астана жыл сайын әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізілетін орынға айналып келеді. 2011 жылы Қысқы Азияда ойындарының ашылуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, 2017 жылы Астанада өткен маңызды жобалардың бірі - «Болашақ қуаты» тақырыбындағы  Дүниежүзілік ЕХРО-2017 көрмесінің т.б шаралардың өтуі соның айғағы.
   Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналды. Қазақстанның болашағы – Астананың тікелей болашағымен байланысты. Астана бүгінгі Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Көрмеде Астана және Алматы қалаларының тарихы мен болашағы, оның экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектлері туралы және т.б. әдебиеттер  ұсынылды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование