KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884836
2019 жылы:  18551
бүгiн:  1
қазiр:  64
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.07.2018

   2018 жылғы 14 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді Ұлттық кітапхананың директоры Ж.Сейдуманов ашты. Басқосуда Сауытбек Абдрахманұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне тоқталып, жан-жақты түсіндіріп, біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы екенін айтып өтті.

   Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған 5 бастамасын ұсыну арқылы еліміз үшін өзекті, әлеуметтік салаға жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды міндеттеді. Мәжіліс депутаты С.Абдрахманов тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ететін «7-20-25» бағдарламасына кеңірек тоқталып, ол 5 әлеуметтік бастаманың аясында жүзеге асырылатын болады, онда несиенің жылдық мөлшері жылына 7%-дан аспайды. Сонымен қатар,  2018-2019 оқу жылында студенттерге арналған қосымша гранттың өзі адами капитал саласына елеулі серпін беретінін атап өтті. «Білім алуға қолжетімділіктті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық жария етілді. Қазіргі 54 мың гранттың үстіне 20 мың грант қосылғалы отыр». «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру еліміз үшін жақсы жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты.
   Шара барысында кітапхана қызметкерлері де өзара пікір алмасып, қойылған сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

     

                                          


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование