KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884999
2019 жылы:  18714
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.07.2018

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында ағылшын жазушысы және ақыны Эмили Бронтенің 200 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Эмили Джейн Бронте – ағылшын жазушысы және ақыны, «Грозовой перевал» романының, сондай-ақ бірқатар өлеңдердің авторы.  1818 жылдың 30 шілдесінде Торнтонда (Йоркшир) дүниеге келген. Эмили отбасындағы бесінші бала.  Анасы Эмилидің үш жасында қайтыс болған. Өмірінің көп бөлігін Эмили,  Хоэрт (Уэст-Йоркшир) ауылында өткізеді.  Біраз уақыт әпкелерімен бірге  Кован-Бридж қайырымдылық мектебінде оқыды.
   1842 жылы Эмили және Шарлотта Бронте Брюссельге оқуға аттанады. Хоэртке оралғаннан кейін романшы қайтып өзінің сүйікті ауылын тастаған емес.
   Қыздың жазушылыққа деген дарыны бала кезінде байқалады.  Оқып, жазып үйренгеннен кейін Эмили Бронте қысқа әңгімелер мен өлеңдер құрастыра бастайды. Әсіресе, Эмили өзінің кіші сіңлісі Эннға жақынырақ болды, екеуі бірігіп Гондал таңғажайып әлемін ойлап тауып, сол туралы өлеңдер құрастырды.
   1846 жылы «Стихотворения Каррера, Эллиса и Эктона Беллов» жинағы жарық көрді. Эмилидің «Эллиса» өлеңі оқырмандардың көңілінен шығады. Сыншылар жинаққа назар аударып, мақтау пікірлерін білдіреді. «Воспоминание» және «Узник»  өлеңдері ақынның абыройын арттырды.
   Бір жылдан кейін ол Йоркширдегі Линтон және Эрншо  отбасылары туралы «Грозовой перевал» романын  жариялады. Эмилидің көзі тірісінде оқырмандар бұл туындыны суық қабылдады, бірақ әпкесі Шарлотта,  ол өлгеннен кейін «Грозовой перевал» романын екінші рет басып шығарады. Бұл жолы оқырмандар шығарманың жасырын құпиялары мен қатал романтикасын анық көре білді. Роман шедевр ретінде қабылданды.
   1992 жылы «Парамаунт» киностудиясы Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» мелодрамасын экранға шығарды. Соңғы рет экранға 2011 жылы шықты.
   Эмили Бронте 1849 жылдың желтоқсан айында қайтыс болды. Оның әпкелері мен ағасы Хоэрттегі отбасылық бейітте жерленген.
   Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармалары ұсынылған.   
    
   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование