KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884881
2019 жылы:  18596
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.07.2018

   Мерзімді басылымдар оқу залында «Балдырған» әдеби-көркем журналының 60 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.       

   «Балдырған» - бастауыш сынып балаларына арналған әдеби - көркем  журнал.  Журнал 1958 жылы шілдеден бастап  қазақ тілінде  айына бір рет шығарылады.  Алғашқы редакторы  (1958- 1986ж.ж)  қазақтың белгілі ақыны  Мұзафар  Әлімбаев  болды.  Журналдың  дамуына  қазақтың  көрнекті жазушылары  Бердібек Соқпақбаев,  Қадыр Мырзалиев, Әнуарбек  Дүйсенбаевтар  үлкен үлес қосты.  1986 жылдары  «Балдырған»  журналының  бас редакторы  Қазақстанның  халық жазушысы Тұманбай  Молдағалиев болды. Қазіргі уақытта журналды   Дүйсен  Мағұлұмов басқарады.
   Алғашқы  санынан бастап  қазақ балалар әдебиетінде  еңбек сіңірген жазушылар: С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаров, М.Зверев,  Б.Соқпақбаевтар журналдың   тұрақты авторлары болды. Сонымен қатар,  шетел жазушыларының таңдаулы туындылары да  журнал бетінде жарияланып тұрды. 1962 жылы республикамыздың баспа органдары «Балдырған» бетінде жарияланған шығармалардан құрастырып, «Балдырған базарлығы», «Бөбектерге тарту», «Тақпақ айтып, ән шырқайық», «Мектеп әндері», «Балдырғандар жыры» атты алты  жинақ шығарды.   Журнал тек көркем шығарма жариялаумен ғана емес, сондай-ақ,  өз оқушыларын табиғат құбылысының құпия сырларымен, ғылым және техниканың соңғы жаңалықтарымен де таныстырып отырды. 
   Журнал шыққан күнінен бастап әртүрлі жастағы оқырмандардың сүйіспеншілігіне ие болды. Журнал  бетіндегі  жарияланған мақалалар  сөздік қорын жетілдіріп,  өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар балалардың ой-өрісін кеңейтті. Балалардың  өлеңдері, сызбалары  мен  жазбалары оқырмандардың өмірдегі мақсаттары туралы ойлауға, болашақ мамандықтарын  таңдауға көмектеседі.  Журналдағы  әртүрлі пайдалы  ақпараттарды  балалар мен  мектеп мұғалімдері  қуана оқиды.  
   Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан мерзімді басылымдар  беттеріндегі танымал жазушылар мен  журналистердің мақалалары ұсынылған. 

   Сіздерді көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование