KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884912
2019 жылы:  18627
бүгiн:  1
қазiр:  74
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.08.2018

   2018 жылғы 10 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Нұрмановтың орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы құрметіне арналған  «Адамзаттың мақтанышы - Идеал человечества» атты 4 томдық роман-эпопеясының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Әбен Нұрманов «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің президенті, Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің президенті, генерал-майор, Қазақстан Жазушылары Одағының және Еуразия Жазушылары Одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
   «Адамзаттың мақтанышы - Идеал человечества» атты  кітабында ұлы орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдың өмірі жайлы, оның адалдық пен әділдік үшін күресі  және сол кезеңдегі қоғамның тынысы жайлы жазылған. Ресей патшасы Николай II-ге, премьер-министр Столыпинге  шаруалар мен кедейлер құқығын қорғау жайлы жазған хаттары және олардың ел өміріндегі тарихи маңызы туралы баяндалған.
   Іс-шараны директордың кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытжамал Оспанова ашты.
   Шараға Түрік ұлты мәдени қоғамының президенті Қазақбай Қасымов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің профессоры Күләш Оразбекова, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, «Лига лиров» жазушылар қоғамының құрылтайшысы, жазушы әл-Халел Қарпық,  Кембридж Университетінің профессоры және Қазақстандағы өкілі, академик Сайлыбай Бекболов, «Күлтегін» институтының директоры Зауре Ақтанбердиева және т.б. қатысып сөз сөйледі.

     

     


 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование