KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884869
2019 жылы:  18584
бүгiн:  1
қазiр:  73
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.08.2018

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Шығыс-Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» қоғамдық - саяси газетінің 100  жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. 

   Шығыс-Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газеті 1918 жылдын бастап жарық көріп келеді. Бастапқыда газет «Голос Алтая» деп аталды (1918-1920). «Голос Алтай» газетінің алғашқы нөмірінің нақты күні белгісіз. Газеттің көлемі қазіргі облыстық газеттерден анағұрылым кіші болды. Ол қос бетті орама қағазға басып шығарылды. Түрлі өңдеу, басқы және мәтіндегі қаріптердің дұрыс таңдалуы, аса маңызды материалдардың айқын көрсетілуі Халық депутаттары кеңесі органының өз ісінің шебері, ал баспахананың бай полиграфиялық  базасы болғанын көрсетеді.
   Бастапқыда «Голос Алтая» Горлов баспаханасында басылып, кейінірек ол ұлттандырылып, «Народная» деп аталды. 1918 жылғы маусым төңкерісінен кейін газет өз жұмысын тоқтатты, ал редактор В.А. Куратов атуға кесілді. 1919 жылы желтоқсан айынан бастап «Известия Усть–Каменогорского революционного комитета» атауымен кеңес уезінің газеті ретінде басылым қайта жанданды. Жаңа газеттің алғашқы редакторы П.П.Бажов болды. 1921 жылдың күзінде Р.П.Бажовтың кетуіне байланысты газеттің редакторы Қазақстанның танымал жазушысы Н.И. Анов (Иванов) болды. Әр жылдары газет атауы  бірнеше рет өзгерді: «Смычка» (1923), «Крестьянский труд» (1924-1930), «Прииртышский коммунар» (1930-1939), «Большевик Алтая» (1930-1953),  «Знамя коммунизма» (1953).
   1963 жылдың 1 мамырынан бастап газет қазіргі оқырманға таныс «Рудный Алтай» жаңа атауына ие болды. Газеттің тек апталық айналымы ғана  – 43 131 дананы құрайды.
   Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының  әкімі құрылтайшысы болып табылатын, бүгінгі  таңдағы«Рудный Алтай» газеті, әртүрлі жастағы оқырмандарды өз махаббатымен баурап алды. 1968 жылы «Рудный Алтай» Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Газет аптасына үш рет шығады.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорында газет тігінділері 1924 жылдан бастап бар.
   Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан танымал           жазушылар мен журналистердің мерзімді баспасөз беттеріндегі «Рудный Алтай» газетіне арнаған мақалалары ұсынылған. 

   Сіздерді көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование