KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884963
2019 жылы:  18678
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.08.2018

   2018 жылғы 14 тамызда  Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Отан сақшысы-Часовой Родины» газетінің тілшісі, запастағы подполковник Тамара Дәулетбаеваның «Шекара соқпақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Шекара соқпақтары» кітабы тәуелсіз еліміздің шекара шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген мәрт мінезді шекарашылар мен олардың аяулы жарларына арналған. Кітап «Курсив» ЖШС баспаханасынан 200 дана таралыммен басылып шықты.
   Тұсаукесерге ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы Ж.Төлебаев, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Д.Бектұрсын, запастағы полковник, ақын, ҰҚК Шекара қызметінің ардагер журналисі Е.Грасевич, «Шығыс» өңірлік басқармасының бас тәлімгері, полковник Б.Арзиев, «Чернобыль батыры» медалінің иегерлері Н. Мұхиддинов және Е.Әбдікалов, запастағы полковник, ҰҚК Шекара қызметінің ардагер журналисі С.Сиқымбаев, отставкадағы полковник Шекара әскерлерінің ардагері М.Дәйішов, журналист-жазушы, «Айқын» газетінің тілшісі Қ.Төрежан және т.б. қатысты.
   Іс-шарада шекарашылар өмірі мен қызметі туралы слайд көрсетіліп, ән салынды.
   Шараны  ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының баспасөз хатшысы Қанатбек Солтанов жүргізді.

     

     

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование