KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884975
2019 жылы:  18690
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.08.2018

   2018 жылғы 13 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық байқауына қатысушы оқушылардың тәлімгерлеріне «Балаларға батырлар жырын жаттатудың тиімді жолдары мен ескеруге тиіс жағдайлар» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ұйымдастырылды.
   Алматылық  оқушылар арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты Ұлттық байқау басталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы айтулы жобаға «Алпамыс батыр» жыры таңдалды. Байқауға Алматы қаласындағы барлық мектептің 6-10 сынып аралығында оқитын кез-келген оқушысы қатыса алады. Байқау екі кезеңнен тұрады: аудандық кезең (2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін), қалалық кезең және мәре (2018 жылдың 28 қыркүйегіне дейін).
   «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық байқауының жоба жетекшісі Серік Сейітман және жыршы Берік Жүсіп байқаудың мақсат-міндеттерімен Бостандық ауданы мен Медеу ауданы оқушыларының тәлімгерлеріне таныстырды. 15 тамыз -Түріксіб және Әуезов ауданы, 16 тамыз - Алмалы және Алатау ауданы, 17 тамыз - Наурызбай және Жетісу аудандарының тәлімгерлеріне тренинг өткізіледі.
   Жүлдегер болған әрбір оқушының тәлімгері Англияның Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіру орталығында ағылшын тілін терең меңгеріп қайтуға мүмкіндік алатынын еске саламыз.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование