KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884866
2019 жылы:  18581
бүгiн:  1
қазiр:  72
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.08.2018

   "Қазақстан кітаптары" оқу залында қазақтың көрнекті ақиық ақыны, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың 90 жасқа толуына орай  «Жыр жүйрігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                             
   Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысының  Торғай қ. дүниеге келген. 1952 жылы  Абай атындағы Қазақ педагогика  институтын бітірген.  Оқуды бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік  баспасында поэзия редакциясын басқарумен қатар, «Қазақ әдебиеті» газетінің  бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия  редакциясының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

   1968-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясын басқарды, ал,  1973-1989 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Жас ақынның тұңғыш жарық көрген өлеңдер жинағы 1954 жылғы  «Құрдастар» деп аталды. Содан бері жас ақынның өлеңдер жинағы жыл сайын шығып, оқырмандардың көңілінен орын тапты. «Таулар сөйлейді» (1960), «Арал әуендері» (1961), «Жер астындағы жұлдыздар» (1965). Ақын шығармашылығының шыңы болып табылатын «Қанатты жылдар» атты поэтикалық жинағы, «Жұлдызды тағдырлар» атты екі томдық еңбегі. Аталған жинақ үшін 1980 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
   Ғ.Қайырбеков қазақ поэзиясының жыр маржаны атанған, қазақ халқының  ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған «Дала қоңырауы» атты дастан жазды. Оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген повестері «Ақ желкен», «Үш қиян» және проза жинақтары «Қарқаралы басында», «Бір кеменің үстінде» деген атпен сын жинақтары және басқа шығармалары. Ғ.Қайырбеков көрнекті  публицист болған. Оның өзекті тақырыптарға жазылған очерктер мен мақалалары оқырмандарды бей-жай қалдырмады.
   Ғафудың өлеңдері әуезділігімен,шын жүректен шыққан шынайылығымен қызықтырады. Олар лирика және эпикалық түрде ерекшеленеді. Композиторлар  ақынның өлеңдеріне көптеген әндер жазды. Жас Шәмші Қалдаяқов ақынның ана туралы өлеңін оқығаннан кейін, қысқа мерзімде «Ана туралы» ән жазды. « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған».деп әннің бірінші жолы осылай айтылады. Бұл әнді қазақ халқы анаға деген махаббатпен сүйіспеншіліктің гимні ретінде қабылдады. 
   Ғ.Қайырбеков – көркем аударма шеберлігімен танылған. Ол Рудаки, Дж.Байрон, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, Т.Г. Шевченко,Л.Н.Толстой, А.И. Куприн, В.Г. Короленко, И.А.Бунин, С.Есенин, Мақтымқұлының, Р. Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын қазақ тіліне аударды. Ал, ақынның өз шығармалары орыс және өзбек тілдеріне аударылды.
   Ғ.Қайырбеков «Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған. 2001 жылы  Астанадағы № 2 мектеп-гимназиясына  Ғафу Қайырбековтің есімі берілді.
    Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан, қазақ, орыс және әлемнің басқа тілдерінде жарық көрген түрлі жылдардағы автордың шығармалары, ақын туралы газеттер мен журналдардың беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктер қойылған.

 Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование