Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанында құрылған Каталогизатор мектебінде 2018 жылғы 6-10 тамыз аралығында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының мамандары Аханова С.З., кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі, Жапсарбаева Л.А., кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашысы дәріс алды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген мәдениет саясатын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық кітапханасы курс тыңдаушыларына Web-RABIS жүйесі бойынша барлық модульдарымен «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап берілімі», «Оқырмандарды тіркеу» кеңірек таныстырды. Сонымен қатар, тыңдармандарға халықаралық және отандық стандарттау туралы жалпы түсінік, кітапхана ісіндегі стандарттау, каталогтаудың жалпы қағидалары мен негізгі ережелері, нақты берілген құжаттарды каталогтау ерекшеліктері туралы мағлұматтар берілді. Тәжірибелік жұмыс барысында күрделі индекстерді жасау мәселелері, ӘОЖ белгілері мен анықтауыш механизмін қолдануды мәселелері, кітап қорын ӘОЖ кестесімен сәйкестендіру, ӘОЖ (УДК) қолданудың әр түрлі құралдары мен тәсілдері қарастырылды. Курс соңында кітапханашы мамандарға Қазақстандық кітапханалық одағынан (ҚКО) білім алғандығы туралы сертификат берілді.
|