KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066638
2019 жылы:  132173
бүгiн:  547
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.03.2006

Ақпарат

     2006-шы жылы 13-18-ші наурызда Қазақстан Республикасының кітапханалар қауымдастығы жанындағы кітапханалық жоғары курстарда республикадағы кітапханалар сақтау бөлімдерінің бір топ мамандары оқыды. Оқығандардың саны 9 адам. Соның ішінде 3 адам Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларындағы жоғары оқу орындарының кітапханаларынан, 6 адам мемлекеттік көпшілік кітапханаларынан келді.
     Сабақтар ҚР Ұлттық кітапханасының базасындағы кітап коллекцияларын сақтау орталығының бейнелеу студиясында және мамандандырылған (арнайы) лабараторияда өтті. Курстардың көлемі 40сағат.
    Сабақтар мына тақырыптар бойынша жүрді :
- Сақтауға арналған сирек кітаптарды таңдау критерийі.
- Кітапханалар құжаттарын сақтаудың маңызы. Кітапханалар құжаттарының сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
- Сақтау және консервациялау жөніндегі ГОСтар (мемлекеттік стандарттар)
- Алдын-ала сақтаудың негіздері.
- Құжаттарды ғылыми консервациялаудың негіздері
- Консервацияға (сақтауға)арналған кітаптарды таңдау критерийі.
- Құжаттарды консервациялаудың негізгі әдістері.
- Тұрақтандыру бойынша : биологиялық, физикалық-химиялық, механикалық өңдеу әдістері.
- Кітаптарды тазалаудың физикалық-химиялық әдістері : ағарту, бейтараптандыру, жуу, қағазын бекіту, кептіру, пресстеу,
- Кітаптарды биологиялық қорғау. Ерітінділер дайындау және кітаптарды өңдеу. Былғары мұқабаларды майлау.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы  «Мәдени мұра» МБ қатысуы. «Мәдени мұра» МБ сайты.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование