KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885062
2019 жылы:  18777
бүгiн:  1
қазiр:  86
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.08.2018

  2018 жылғы 23 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда  Әсет Бейсеуовтың туғанына 80 жыл толу құрметіне орай Тұрсынбек Ешенқұловтың  «Жүрегі ән деп соғатын» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Жүрегі ән деп соғатын» кітабы композитор, Қазақстанның халық әртісі, лирикалық әндерімен әр адамның жүрегіне сазды әуеннің тұнық бұлағы болып құйылған, Әсет Бейсеуовтың 80 жылдық мерейтойына арналған. Кітапта Ә.Бейсеуовтың замандастары, аға-інілері, әпке-қарындастарының естеліктері, Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған әндерінің тізімі топтастырылған.
   Іс-шараға жазушы Ғаббас Қабышұлы, өнертанушы Пернебек Момынов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Далабаев, ардагер ұстаз Төлегетай Ақбауов, әнші Нұрғали Нүсіпжан, композитор Владимир Питерцев және т.б. белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ақынның туыстары,  оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысып, Әсет Бейсеуовтың әндері шырқалды.
   Іс-шараны  Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көсемсөз шебері, жазушы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай жүргізді.

     

                                          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование