KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057561
2019 жылы:  123096
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.08.2018

   2018 жылғы 24 тамызда Н. Дәулетова атындағы залда  30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституциялық құндылықтар, Қазақстанның заңнамасы және құқық қолдану тәжірибесінде оларды жүзеге асыру жолдары» (ІІ-ші Тамыз оқулары) атты дөңгелек үстел өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қалалық соты.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, қонақтарды «Конституция – Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» атты ауқымды кітап көрмесімен таныстырды. Шараны әрі қарай  Алматы қалалық сотының төрағасы Бақытжан Қараманов жүргізіп, дөңгелек үстелдің жұмыс кестесімен таныстырды.
   Іс-шараға  Алматы қалалық сотының судьясы Қ.Қалекеева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Д.Байдельдинов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Айтқожин, Әуезов ауданының прокуроры М.Тлеубердиев, адвокат Н.Жазылбеков, Бостандық аудандық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Г.Талапова және т.б қатысып, баяндама оқыды.
 

     

                                         

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование