KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888689
2019 жылы:  22404
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.03.2006
Баспасөз-релизі
  «Қазақстан тарихы, қазіргісі, мәдениеті, дәстүрлері» аталатын кітап-сурет көрмесі «Наурыз - 2006» мерекесі аясында Москва қаласында өткізіледі.
  Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана қорының кітаптары қабылдады. Соңғы жылдардағы ең озық баспа және мультимедиялық басылымдардың барлығы 200 атауы бар.
  Көрме Қазақстан Республикасы, оның тарихы, Ресей мен Қазақстанның саяси және рухани байланыстары туралы мазмұндайтын кітаптармен басталады. Басылымдар арасында Қазақстан Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгі достық стратегиясы», Ербол Шаймерденовтың «Қазақстандық-ресейлік қатынастар», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», The Soul of Kazakhstan (Душа Қазахстана) кітаптары бар.
  Қөрмеде «Абай мен Пушкин» тақырыбы маңызды орын алады. Қазақстан мен Ресей мемлекет Басшылықтарының келісулері бойынша 2006 жыл Ресейде Абай жылы, Қазақстан Пушкин жылы болып жарияланды.
  Көрмеге келушілер Абайдың орыс және басқа тілдердегі мұрасымен, «Евгений Онегин» поэмасындағы Татьяна хатының қазақ тіліндегі аудармасымен М.Әуезовтың «Абай жолы» романымен, Пушкиннің әр жылдарда қазақ тілінде шыққан басылымдармен таныса алады. Абай мен Пушкинге арналған кең ауқымды іргелі көршілер Москвада (қараша) және Алматыда (желтоқсан) Ресей Мемлекеттік кітапханасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтеді.
  Қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері туралы әдебиет қазақ тіліндегі ежелгі «Наурыз» мерекесіне арналған бөлімді (тарауды) қамтиды. Мұнда көрермендер назарына «Қазақтардың бұрынғы және қазіргі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері», «Киіз үй» әшекейлә альбомы, «Қазақ ою-өрнектері» энциклопедиясы, «Қазақ киімдерінің антологиясы» мультимедиясы ұсынылады.
  Әсіресе «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы экспозициясы дараланды. Оның ерекшелігі мынада, есімдері әлемге танылған философтардың, мәдениеттанушылардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің, заңгерлер мен өзге де ойшылдардың таңдамалы еңбектерінің көп томдық  Антологиялары, көркем әдебиет кітапханасы  қазақ тілінде шығады. Көрмеге түрлі сериялардың  алғашқы басылымдары, сондай-ақ,  «Рух-Мирас» мәдениеттану альманағы, сыни-талдамалық «Айт» art-журналы қойылады,  олардың басылымына  «Мәдени мұра» МБ контексінде  бастама жасалған.  «Мәдени мұра» МБ бойынша шетел  жазушылары кітапханасының  қазақ тіліндегі  100 томының ішінде ең алдымен Ф.М.Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының басылып шыққанын атап өте өте маңызды.
  Басқа экспонаттардың ішінен 100-томдық серияға кіретін «Мәдени мұра» МБ «Бабалар сөзі» кітаптары – қазақ фольклорының бірегей жиынтығы, Абай атындағы опера және балет театрына,  М.О.Әуезов  атындағы қазақ, М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театрларында, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер  театрына арналған мерекелік альбомдар, керемет безендірумен Гонконгта шыққан  «Қазақстан бейнелеу өнерінің шедеврлері», Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұражайының  «Скиф-сақ алтынының коллекциясы» мультимедиясы лайықты орын алады.
  Көрме авторлары:
Изамбекова Қаншайым Мұсақызы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жиынтықтау бөлімінің меңгерушісі.
  Әбдікерімова Жанар – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мәдени бағдарламалары Орталығының бас  маманы.
  Байланыс ақпарат:
  Әбдікерімова Жанардың телефоны: 8-300-417 89 41 (ұялы); Алматы қаласы: 8-3272-67-28-66
  Қош  келдіңіздер !
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование