KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057563
2019 жылы:  123098
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.08.2018

   2018 жылғы 25 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық борыш» жобасы аясында Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлермен «Ауған соғысы: Кеше және бүгін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

   «Азаматтық борыш» жобасының мақсаты: – терроризм мен экстремизмнің зардаптарын, олардың зиянын айтып, түсіндіре отырып жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге деген ынтасын ояту, діни фанатизмге берілудің арты неге әкеліп соғарын ұғындыру.
   Дөңгелек үстелде Ардагерлер ұлтты сүю, қазақтың ұлттық құндылықтарын құрметтеу, бейбіт күннің қадірін білу тәрізді көптеген мәселелерге тоқталды.
   Іс-шарадан  соң Бақытжан Муленов, Болат Құрамысов, Серік Көшербаев, Нұрлан Башихтенов, Жетесбек Рабатов т.б Ауған соғысы ардагерлерімен ресми емес кездесу өтті.

     

     

 


 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование